Әли Ахметов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Әли Ахметов (6-0, 5 КО) Польшаның Семятыч қаласында жартылай ауыр салмақта гамбиялық Патрик Мендиге (17-12-2, 1 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Ахметов төрешілердің бірауыздан қолдауының арқасында (кездесу сегіз раундтық форматта өтті) жеңіске жетті.

Айта кетейік, аталмыш бокс кеші аясында тағы бір қазақстандық боксшы Али Балоев (2-0, 2 КО) бірінші раундта поляк Артура Навроцкиді (1-2) нокаутқа түсірген болатын.

Соңғы жаңалықтар