Әли Оқапов «Құрмет» орденінен бас тартпайтын болды – Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповтың «Құрмет» орденінен бас тартуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Әли Оқапов «Құрмет» орденінен бас тартпайтын болды – Аида Балаева
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Әли Оқапов өз видеосын жүктеді ғой. Содан кейін мен министр ретінде ол кісімен сөйлестім. Ол кісі шығармашылық адамы болғаннан кейін бәрін эмоционалды тұрғыда қабылдаған. Өзі айтты: «Аида Ғалымқызы, шынымен де бәрі жан-жақтан талаған кезде, менің еңбегім емес деп, анаммен салыстырып жатқаннан кейін шыдамадым», - деді. «Қазір ондай сұрақ жоқ. Бәрі дұрыс», - деп өзі айтты», - деді вдеомство басшысы Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін.

БАҚ өкілі «Әншіге берілген атақ өзінде қалатын болды ма», - деп нақтылады.

«Иә, өзінде қалады», - деді Аида Балаева.