Әлиакпар Мәтішев «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры қызметіне тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығы» төрағасы Тимур Құлыбаевтың бұйрығымен «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры қызметіне Әлиакпар Мәтішев тағайындалды,
None
None

деп хабарлады қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Әлиакпар Болатұлы Мәтішев 1962 жылы қаңтардың 23-інде туған. Қарағанды политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист дипломымен бітірді.

1988-1990 жылдары Ә.Мәтішев Жезқазған қаласында партиялық-мемлекеттік басқару саласында әртүрлі қызметтер атқарды, одан әрі өндірісте жұмыс жасады және бірқатар бизнес-құрылымдарды басқарды. Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау комитеті төрағасының орынбасары болды. 2005 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Астана қаласы бойынша департаментін басқарды. 2005-2008 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ә.Мәтішев ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің «Даму және бәсекелестік саясатын қорғау орталығы» АҚ президенті болды.

Соңғы жаңалықтар