Alibaba қара тізімге енгізілгені үшін Пентагонды сотқа берді
АСТАНА. KAZINFORM- Қытайлық технологиялық алпауыт Alibaba АҚШ Қорғаныс министрлігін оны әскери салаға қатысы бар компания ретінде белгілегені үшін федералды сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды CBS News.
Калифорния федералды сотына берілген талап Пентагонның Alibaba-ны Қытай әскерімен байланысы бар компаниялардың тізіміне енгізу туралы шешімін даулап отыр.
— Alibaba қытайлық әскери компания да емес, әскери және азаматтық секторларды біріктіру стратегиясының бөлігі де емес. Alibaba-ны тізімге енгізу шешімі ерікті және негізсіз, сондықтан компанияны тізімнен шығаруды талап етеміз, — деп мәлімдеді компания өкілдері.
Осыған дейін алаяқтар Ұлыбританияда 500 мың адамның деректерін сатпақ болғанын жаздық.