Әлібек Қуантыров: McDonald's-тің Қазақстаннан кетуі елдегі ет сапасына өлшем емес

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров McDonald's компаниясының Қазақстаннан кетуі елдегі ет сапасына өлшем бола алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлібек Қуантыров: McDonald's-тің Қазақстаннан кетуі елдегі ет сапасына өлшем емес

«McDonald's-тің кетуі біздегі ет өнімдерін ұсынатын фермалардың деңгейі төмен дегенді білдіре ме?», - деп сұрады журналист министрден.

Әлібек Қуантыров мұндай тұжырыммен келіспейтінін айтты.

«Мен сізге деңгей төмен деп айтпаймын. Өйткені мәселе қазақтар етті ежелден өңдемей жеген. Яғни, фаст-фуд тұтынбаған. Сәйкесінше, қазір әлемде бар стандарттар ол кезде болған жоқ. Нақтырай айтсақ, еттің құрылымы, талшықтары, құрамы, майлылығы бойынша қазіргідей талап болмаған. Ондай жекелеген стандарттар көп. Әрбір компанияның өз стандарты бар. Соларға арнайы сапа стандартын әзірлеу керек. Сондықтан мәселе қазақстандық ет өңдеушілердің сапасында емес, нақты McDonald's талаптарына маманданбаған деп ойлаймын», - деді ведомство басшысы.


Фото: TNS via Getty Images