Әлібек Қуантыров Жаңа жыл алдындағы қымбатшылық ықтималдығына пікір білдірді
«Мұндай болжамды айта алмаймын. Бұл Ұлттық банктің мәселесі. Бірақ инфляцияны тұрақтандыруға тырысамыз. Үкімет пен министрліктің басты міндеті – инфляцияны тежеу. Ал көтерілетін бағалар бір қарқынмен өсуі керек», – деді министр.
БАҚ өкілдері қазірдің өзінде жекелеген тауарлар қыбаттап жатқанын айтып, «бұл жалпы бағаның артуына түрткі болмай ма?» деген сауал қойды.
«Мандарин деп отырғаныңыз базалық тұтыну тауары болып есептелмейді. Біріншіден, оның инфляция құрамына кіре ме, білмеймін. Ол құрамда 550-ден астам азық-түлік өнімі бар. Адамдар аз мөлшерде сатып алатын мыңдаған өнім түрі бар, түсінесіз бе? Олардың бағасынан базалық тұтыну тауарларының бағасына әсер болмайды. Сондықтан, мандарин бағасына сілтеудің қажеті жоқ. Ең бастысы, базалық өнімдердің бағасының тұрақты болуын қамтамасыз ету қажет. Оның ішінде әлеуметтік маңызға ие өнімдер де бар», - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.