Алиев Әзербайжанның мұнайдан табыстары азайғанын алға тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев Сальян (Бакуден 136 шақырым) қаласына сапары барысында елдің мұнайдан табыстары қысқарғанын, оған валюта ағыны үшін экспорттық тауарлар қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

 Алиев Әзербайжанның мұнайдан табыстары азайғанын алға тартты

«Әзербайжанның мұнайдан табыстарды қысқарды. Бұл шындық. Мұнай 3-4 есе арзандады, тиісінше, валюталық шығындар да 3-4 есеге қысқарды», - деген Алиевтің сөзін келтірді баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Әзербайжан дағдарысқа төтеп бере алатын жағдайда.

 «Егер мұнай өндіретін елдердің жағдайына назар аударсақ, біз жақсы нәтиже Әзербайжанда екенін байқаймыз. Алайда, сонымен қатар, бізге елге валюта ағынын қамтамасыз ететін экспорттық тауарлар қажет», - деп атап өтті ол.