AliExpress Дүниежүзілік шоппинг күнінің алғашқы 3 минутында 500 млрд теңгенің саудасын жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Alibaba Group» интернет-алаңы өз ресурстары (AliExpress.com интернет-дүкені) 11 қараша күні сағат 00:00-де Дүниежүзілік шоппинг күні мерекесіне арналған жаппай сатылым шарасы кезінде алғашқы 3 минутында 500 млрд теңгенің (10 млрд юуань) саудасын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайлық «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Синьхуаның хабарлауынша, AliExpress интернет-дүкені сатылым шарасының алғашқы 3 минутында 500 млрд теңгенің (10 млрд юуань) саудасын жасап үлгерсе, 1 сағаттағы сауда көлемі 28 трлн теңгені құрады (55,5 млрд юуань).
AliExpress есептеуіш тақтасында 11 қараша Астана уақыты 11 сағат 9 минут 49 секундта 6 квадриллион теңгенің (120,7 млрд юань) сауда-саттығы жасалып, 2016 жылы 11 қарашадағы 24 сағаттық рекордты жаңалады.
Айта кетейік, «Дүниежүзілік шоппинг күні» маркетингтік науқаны 2009 жылы пайда болды. Ол күні қытайлық «Alibaba Group» интернет-алаңы өз ресурстарында (AliExpress.com интернет-дүкенінде) тауарларға 50% жеңілдік жасап, жаппай сатылым шарасын өткізеді.
Айта кетейік, Alibaba Group негізін қалаушы - қытайлық миллиардер Джек Ма.