Әлихан Бәйменов: «А» корпусына 50 әкім өтпей қалды

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - «А» басқару корпусына тестілеуден 50 әкім өте алмады.

Әлихан Бәйменов: «А» корпусына 50 әкім өтпей қалды

Бұл туралы бүгін VI Астана Экономикалық форумында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, «А» корпусына түсу үшін 550 орынға 2000 адам өтініш берген. Оның 200-і біліктілік талаптарына сай емес болғандықтан, тестілеуге жіберілген жоқ.

«Алғашқы жеті күнде тестілеуден 1800 адамның 1100-і өтті. Олардың 63 пайызы оны сәтті тапсырып, 37 пайызы өте алмады. 50-ден астам қала және аудан әкімі тестілеуден құлады. 26 қыркүйектен бастап, олардың орнын ұлттық комиссия іріктеген мемлекеттік қызмет резервіндегі адамдар басады», - деді Ә.Байменов