Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының алғашқы 3 томы жарық көрді

АЛМАТЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының тұсаукесер рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ә.Н. Бөкейхан - ғұлама ғалым, публицист әрі көрнекті мемлекет қайраткері - қазақтың ХХ ғасыр басындағы "Алаш" ұлттық қозғалысының көсемі, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Ұлттық Кеңесінің төрағасы.

Ә.Бөкейханның шығармалар жинағын құрастырған Сұлтанхан Аққұлұлы. 1995 жылы Қазақ энциклопедиясынан жарық көрген "Ә.Н. Бөкейхан. Таңдамалы - Избранное" жинағын да құрастырған да осы кісі болатын.

Автордың айтуынша, алғашқы 3 томдыққа қайраткердің 1889 жылдан 1913 жылға дейін қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, ғылыми зерттеулері кірген. Олардың көбісі бұрын беймәлім болып келген.

"Ә.Бөкейханның публицистикасын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы, тек Қазақстан ғана емес бүкіл Ресейдегі тарихи оқиғаға ұласатын шежіре деп айтуға болады", дейді автор.

Соңғы жаңалықтар
Референдум