Әлихан Есетов хоккейден жастар чемпионатында үздік мерген атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда шайбалы хоккейден А тобындағы І дивизион бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

 Әлихан Есетов хоккейден жастар чемпионатында үздік мерген атанды

Қазақстандық жастар командасының ойыншысы Әлихан Есетов өз құрамасының үздік ойыншысы және қақпаға кіргізген алты шайбасымен жарыстың үздік мергені атанды, деп хабарлайды Sports.kz .