Әлихан Смайылов квазимемлекеттік сектордың жауапкершілігіне қатысты ұсыныс айтты

Үкіметтің борышы 24,9 трлн теңгеге жеткен – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Квазимемлекеттік сектор қаржыны бақылау шоттарында жылдар бойы жинақтау тәжірибесін тоқтатуы тиіс. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқырылуын талқылау кезінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілері 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алды. Бұл ретте, олардың пайдаланбаған қаражаты жыл қорытындысы бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өсті. Осыған қоса, Жоғары аудиторлық палата тағы 383 млрд теңгені анықтады. Бұл – квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлініп, шоттарда орналастырылып, пайдаланылмаған қаражат», - деді Ә. Смайылов.

Оның пайымынша, квазимемлекеттік сектордың бюджетті жоспарлау және оны орындау кезінде қаражатты игермегені және төмен нәтижесі үшін мемлекеттік органдармен тең дәрежеде Парламент алаңында жауап беретін уақыты келді.

«Қаражатты бақылау шоттарында жылдар бойы жинақтау тәжірибесін тоқтату қажет. Ақша экономикаға және қазақстандықтардың игілігі үшін пайдаланылуы керек», - деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Соңғы жаңалықтар