Әлихан Смайылов Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Баку қаласында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/Kzgovernment

Еске сала кетейік, Үкімет басшысы ресми сапармен Баку қаласында жүр.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Гейдар Әлиевтің зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне де гүл шоқтарын қойды.

Құрметті адамдар жерленген аллея Баку қаласының таулы бөлігінде орналасқан. Мұнда Әзербайжан елінің көптеген көрнекті ғылым және мәдениет қайраткері, саясаткерлері, қоғам қайраткерлері жерленген.

Осыған дейін Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын жаздық.


Соңғы жаңалықтар