Әлихан Смайылов бастаған Үкімет аппараты бүгінгі сенбілікте жүзден аса тал екті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлихан Смайылов Үкімет аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілігіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.

Сондай-ақ бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауын тазалап, ағаш екті.
Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.
