Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің 2022 жылғы 9 айдағы қызметінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Директорлар кеңесі ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны бойынша тәуекелдер жөніндегі есепті және ІІІ тоқсаны бойынша ішкі аудит қорытындыларын тыңдады.

Сондай-ақ 2023 жылға арналған даму жоспары мен жылдық бюджетті және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2020-2022 жылдары ақша қаражатын пайдалануы туралы есеп, холдинг қаражатының әрі қарайғы қозғалысы туралы болжам ұсынылды, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі сайланды.