Әлихан Смайылов бюджеттік жоспарлаудың процестерін цифрландыру іс-шаралар қабылдауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 1-ші наурызына дейін бюджеттік жоспарлаудың процестерін цифрландыру бойынша нақты іс-шаралар қабылдауы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің осы жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындап берді. Үкіметтің ең маңызды міндеттерінің бірі – халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру. Сондықтан, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мына мәселелерді шешуге басты назар аударуы қажет. Бірінші. Президент бюджеттік жоспарлауды реформалауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Жоспарлау тиімділігін арттыру үшін бюджеттік процестерді цифрландыруды жылдамдату қажет», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Премьер-Министр Қаржы министрлігіне осы жылғы 1-ші наурызға дейін бюджеттік жоспарлаудың процестерін цифрландыру бойынша нақты іс-шараларды қабылдауды тапсырды.

«Екінші. Тиімсіз әрі шығыны көп жобалардан бас тартуды тапсырды. Сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері әзірлеп жатқан Бюджет қаражатының тиімділігі мен әлеуметтік-экономикалық қайтарымын бағалау әдістемесін аяқтау керек деген болатын. Қаржы министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және Есеп комитетімен бірге Әдістеменің жобасын 1-ші сәуірге дейін Үкіметке енгізуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар
telegram