Әлихан Смайылов: Дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету үшін бюджет шығысын ұлғайттық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов елдегі қазіргі жағдайды және әлемдік коньюктураны ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтылануы – елдегі қазіргі жағдайды және әлемдік коньюктураны ескере отырып, қалыптастырылды. Болжам өзгерістері нақты сектор өсімінің сақталуын және қызметтер саласының біртіндіп қалпына келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақтылаудың негізгі міндеті – дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және пандемияның таралуының ықтимал екінші толқыны бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды. Осы міндеттерді шешу үшін бюджет шығыстары ұлғайтылды», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін медицина қызметкерлерінің алдындағы барлық міндеттер орындалады. Сонымен қатар шығындарды ішкі оңтайландыру есебінен нақты секторды қолдауға арналған шығыстар ұлғайтылған.

«Парламент Мәжілісіне барлық материал бүгін енгізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар