Әлихан Смайылов ЕАЭО ақпараттық жүйелерін интеграциялауды ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Интеграцияланған ақпараттық жүйенің толыққанды іске қосылуы саудадағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Одақтағы өзара іс-қимылдың тиімділігі үшін ортақ процестер мен ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін іс жүзінде іске асыру қажет. Дер кезінде және тиімді ақпарат алмасусыз Одақтың экономикалық әлеуетін дамыту мүмкін емес. Біріктірілген ақпараттық жүйенің толыққанды іске қосылуы өзара саудадағы кедергілердің айтарлықтай бөлігін жоюға және Одақтың транзиттік және сыртқы сауда процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Мен елдерді ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жеделдетуге шақырамын», - деді ҚР Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.

Бұған дейін ол ЕАЭО экономиканың басым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ұсыныстар айтқан болатын.
Еске салайық, шараға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян және Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, сондай-ақ ЕАЭО бақылаушы мемлекеттердің өкілдері: Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және Кубаның Ресей Федерациясындағы елшісі Хулио Антонио Гармендия Пенья қатысты.


Соңғы жаңалықтар