Әлихан Смайылов ЕЭК 10 жылдығына арналған пошта маркаларына мөр басу рәсіміне қатысты
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 10 жылдығына арналған естелік пошта маркаларына мөр басу салтанатты рәсіміне қатысты.
Шара Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы қарсаңында Шолпан-Ата қаласында өтті. Рәсім аясында Үкімет басшылары ЕЭК-тің 10 жылдығына орай Одақ елдерінің пошта қызметтері шығарған маркалары бар конверттерге арнайы штемпель мен қол қойды.
Айта кетсек, Еуразиялық экономикалық комиссия – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы, ол өз жұмысын 2012 жылғы 2 ақпанда бастаған.


Фото: t.me/KZgovernment