20:27, 31 Мамыр 2022 | GMT +5
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ел Экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар МӨЗ-де қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу, өнімді өндіруді, сақтауды, сыртқа шығаруды және басқа да технологиялық процестерді бақылау, сондай-ақ олардың аумағында сұйытылған мұнай газын сақтау парктерін салу және олардың қызметімен байланысты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және т. б. қызметіне қатысты кейбір мәселелерді қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Комиссияның келесі отырысында шешім қабылдау үшін бірқатар тапсырма берді.