Әлихан Смайылов елге инвестиция тарту жолындағы кедергілерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында елге инвестиция тарту жолындағы кедергілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары әлемдік инвестициялық ағымдардың серпінінде төмендеу байқалады. Жаһандық тікелей инвестициялар көлемі 2017 жылы 23 пайызға, 2018 жылы 19 пайызға төмендеген. Тиісінше, инвестициялық ағымдар үшін әлемде бесекелестік күрт өсуде. Төмендеу тренді жалпы жаһандық деңгейде де, дамушы елдерде де байқалады», - деді ол.

Әлихан Смайыловтың айтуына қарағанда, әсіресе дамушы елдерде инвестициялар үшін бәсекелестік артып келеді.

«Осыны біздің көршілеріміз айқын көрсетіп отыр. Мәселен, 2019 жылдың 15 наурызында Қытай шетелдік инвестициялар туралы жаңа заң қабылдады. Сарапшылардың бағалауынша, он жыл ішінде бұл қадам олардың экономикасына 1,5 трлн АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді. Ресейде тікелей инвестициялар қоры құрылған. 50-ден аса жобаға 1,5 трлн рубльден астам инвестиция жүзеге асырылды. Өзбекстанда да биылдың қаңтарында 1 млрд доллармен тікелей инвестициялар қоры құрылды», - деді бірінші Вице-премьер.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның шикізаттық емес секторына инвестиция тікелей жалпы инвестициялардың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін ғана құрайды.

«Сондықтан, бізге сапалы инвестиция тарту үшін жаңа тетіктер керек. Қолданыстағы механизмдерге талдау жүргізіліп, тиімсіздері белгіленді. Негізгі тұжырым мынадай: қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында инвестиция саласында инвестицияларды жалпы үйлестіру жоқ. Инвестициялық климатты қалыптастыруда министрліктер, ұлттық компаниялар, әкімдіктер мен басқалар айналысады. Бірақ олар әрқайсысы өз бетімен жұмыс жасайды. АХҚО-да жасалған құралдар пайдаланбайды. Әлемдік инвестициялық қоғам үшін түсінікті форматта ресімделген және ұсынылған тартымды жобалардың саны жеткіліксіз», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар