Әлихан Смайылов ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту елдің сыртқы экономикалық саясатының басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы туралы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ә. Ирғалиев хабардар етті. Ол 2015 жылы ЭЫДҰ-мен үш жылға арналған Елдік бағдарламаға қол қойылғанын айтты (2015-2018 жж.).
2020-2021 жж. арналған ЭЫДҰ-мен жаңа жобалар туралы ҚР әділет министрі М. Бекетаев, ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ә. Ирғалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О. Бектенов баяндады. Өз кезегінде, ЭЫДҰ жаһандық қатынастар Хатшылығының Еуразия бойынша дивизия басшысы У. Томпсон Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының қорытындылары мен одан арғы ынтымақтастығы туралы айтып берді.