Әлихан Смайылов гептилдің онкологиялық аурулардың көбеюіне әсері туралы күдікті жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі тұрғындар арасында онкологиялық аурулардың көбеюіне зымыран тасығыш бөлшектердің құлауы әсер ету мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінгі таңда зерттеу нәтижелері бойынша алынған деректер зымыран-ғарыш қызметінің тіршілік ету ортасының жай-күйіне және тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарымен шектес аумақтағы елді мекендер тұрғындарының денсаулығына тікелей әсерін расталмағанын көрсетеді. Гептил зымыран отынының депутаттық сұрауда сипатталған патологияға қатысы жоқ. Өйткені «Протон-М» зымыран тасығышынан бөлінетін бөліктердің құлайтын аудандарда елді мекендер жоқ», - деп деді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, «Протон-М» зымыран тасығышының құлау ауданы Жезқазған қаласынан 73,3 шақырым жерде орналасқан.

«Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 2014 жылғы 24 қарашадағы отырысы аясында Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына экологиялық жүктемені азайту үшін 2017 жылдан бастап гептил жағатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруды қысқарту (2017 жылы 2-ұшыру операциясы, 2020 жылы тағы 2 операция қысқартылды. 2025 жылы 5 – ке дейін) және бұл санаттағы зымыран тасығыштардың ұшуын мүлде тоқтату көзделген», - деп жазады Үкімет басшысы.

Жауапта Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі халықтың арасында онкологиялық аурулардың арту себебін зерттеу қолға алынғаны айтылған.

«Сонымен қатар Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерттеу мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы 69-Ө бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірдің жұртшылық өкілдерімен бірлесіп ведомствоаралық комиссия құрылды», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар