15:10, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Әлихан Смайылов ҚР Статистика агенттігінің жаңа төрағасы болып тағайындалды - Үкімет басшысы
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әлихан Смайылов ҚР Статистика агенттігінің жаңа төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр К. Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ең алдымен кадрлық қаулы туралы айтқым келеді. Статистика агенттігінің төрайымы (Анар Мешінбаева-ред) өз еркімен қызметінен кету жөнінде өтініш жазды. Бұл өтініш қанағаттандырылды. Мен тиісті қаулыға қол қойдым. Бүгін мен, сондай-ақ Әлихан Смайыловты ҚР Статистика агенттігінің төрағасы етіп тағайындау туралы және оны бұған дейін істеген қызметі - Қаржы министрінің орынбасарлығынан босату туралы қаулыға қол қойдым», деді Үкімет отырысында Премьер-Министр.
«Барлықтарыңыз оны жақсы білесіздер. Жауапты қызметкер. Бір кездері ол осы агенттікті басқарған болатын», деді К. Мәсімов Үкімет мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде.