Әлихан Смайылов қырғызстандық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің м.а. Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлады.

Әлихан Смайылов қырғызстандық әріптесімен  телефон арқылы сөйлесті

Екі елдің мемлекеттік шекарасындағы ахуал, сондай-ақ Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай аясындағы Қазақстанның Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматта стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.