Әлихан Смайылов маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Премьер-Министр маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: primeminister.kz

Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті.

«Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз», — дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов.

Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі.


Соңғы жаңалықтар