Әлихан Смайылов Президент тапсырмаларын орындауға қаражат қайдан алынатындығын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің азаматтардың борыш жүктемесін азайту тапсырмасы тікелей инвестициялар қорына көзделген қаражаттың бір бөлігі есебінен іске асырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ 26 маусымдағы Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығын іске асыру үшін 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы әзірленді. Нақтылауда ағымдағы жылдың сәуір айында түзетілген 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сақтай отырып өзгерту ұсынылады", - деді ол.

Оның дерегінше, 2019 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады. Түсімдер 10 трлн 569 млрд теңге, шығыстар 11 трлн 933 млрд теңге, тапшылық 1 трлн 365 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 2,1 пайыз болады.

"Президент тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету Тікелей инвестициялар қорын қоруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен іске асырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар