Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияда жүр

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияда жүр

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді.

Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.