Әлихан Смайылов ресми сапармен Иранға барды

None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді. ҚазАқпарат бұл туралы Үкіметтің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Тегеранда Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды.

Описание: ✍️Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі», - делінген мәліметте.
Атап өтетін жайт, ҚР Премьер-Министрінің сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.

Описание: 📱


Соңғы жаңалықтар