Әлихан Смайылов шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау бойынша тапсырма берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелде жұмыс істеп жүрген отандастарымыздың құқығын қорғауға ерекше назар аудару керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы 5 жылға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Біз тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарын сапалы іске асыруымыз керек. Әсіресе, шетелдерде жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару керек», - деді Үкімет басшысы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы орайда Премьер-Министр Біріккен Араб Әмірліктерімен және Оңтүстік Кореямен қазақстандық жұмыскерлердің құқықтарын қорғау жөнінде келісімге қол жеткізілмей отырғанына бірнеше жыл болғандығын баса айтты.

«Осы жұмысты аяқтау үшін Сыртқы істер министрлігімен бірлесе шұғыл іс-шараларды қабылдау керек», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар