Әлихан Смайылов үйлердегі автономды қазандықтарды қауіпсіз қашықтыққа шығаруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әкімдіктер автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесін толық шешуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жылыту маусымы енді басталды. Жалпы республика бойынша өрт оқиғалары мен одан зардап шеккендер проценті төмендеді. Дегенмен, Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және елордада өрт оқиғаларының саны артты. Көп жағдайда өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын бұзу себеп болады. Осыған орай қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өрттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажет», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Әлихан Смайылов инспекциялардың өкілеттіктерін күшейту бойынша жұмыс жүргізу керектігін баса айтты.

«Адамдар анықталған бұзушылықтарды жоюға және болашақта олардың алдын алуға өздері мүдделі болуы тиіс. Сонымен бірге автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесі осыған дейін бірнеше рет көтерілді. Өңір әкімдері осы мәселені толығымен шешуі, тиісті шаралар қабылдауы керек», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар