09:21, 14 Сәуір 2023 | GMT +6
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы сапар барысында:
- Жезқазған жылу-электр орталығы және басқа да коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді;
- өңірдің көлік-логистика әлеуетінің дамуымен, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысады.
Премьер-Министрге Жезқазған қаласын дамытудың бас жоспары таныстырылады деп жоспарланған.