Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің жиі ауыстырылу себебін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мемлекеттік сатып алулар саласында жұмыс істейтін мемқызметшілер арасында ауыс-түйісті жиі жасап тұрудың қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сатып алулар және бақылау-қадағалау органдарында жұмыс істейтін мамандармен қиянатқа бармау жөніндегі арнайы келісімшарттар жасаса отырып, оларды жиі алмастыру міндетін бекіту қажет.Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттік қызметшілер арасында жиі ауыс-түйіс жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып саналады. Жемқорлықтың жоғары дәрежесіне ие лауазымдарды атқаратын қызметшілерді ауыстырудың қажеттілігі, қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына итермелеуі мүмкін бақылау-рұқсат беру функцияларына ұзақ уақыт ие болуымен байланысты. Аталған шара мұндай қауіп-қатерлерге жол бермеуге бағытталған», - деп түсіндірді ол «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, Батыс Еуропа елдерінде ротация әр екі жыл сайын, жемқорлыққа анағұрлым бейім салаларда жыл сайын жүргізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сатып алулар саласында 73 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, оның 32-сі сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деректеріне сәйкес, бұл салада сотқа тартылғандар саны 40% ұлғайған.  

Соңғы жаңалықтар
telegram