Алимент төлеуден қасақана жалтаратындар арасында табысты кәсіпкерлер де бар - Астана қ. прокуратурасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша Әділет департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, бүгінде алименттерді төлету бойынша 17 мыңнан астам орындау құжаттар орындалуы тиіс.
None
None

Оның ішінде 5 мыңнан астам борышын қасақана төлемейтіндердің қарызы 302 млн. теңгеге жетті.

«Қазақстанда алименттерді төлемейтін адамдардың саны өсу үстінде. Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша жүз мыңнан астам бала өз міндеттерін өтеуге құлықсыз әкелері мен аналарынан өздеріне тиесілі ақшаны ала алмауда. Бұл санатқа табысты кәсіпкерлер де кіреді», деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасынан.

Заңға сәйкес, ата-аналары кәмелеттік жасқа жетпеген балаларын некеде тұрғандарына немесе ажырасқандарына қарамастан асыраулары тиіс.

«Алименттерді төлемеу себептері ретінде жұмыссыздықты немесе ақшаның жоқтығын емес, алимент төлеушілердің оларды төлеу ниетінің жоқтығын атауға болады. Салық төлеуден жалтару үшін жалақыны «жабықхатқа салып» төлейтін жұмыс берушілердің көп бөлігі сол арқылы алимент төлеушілерден алынатын алименттер көлемінің ең аз болуына тікелей әсерін тигізеді», делінген хабарламада.

Зерттеу көрсеткендей, өз балаларын тиісті түрде тәрбиелей алмайтын ата-аналардың кесірінен мінез-құлқы қоғамға қайшы келетін ұрпақтар легі тәрбиеленеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 669-бабына сәйкес алименттерді төлеуден жалтарғандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі тұлғаларға сот актісін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 430- бабымен қарастырылған қылмыстық жауапкершілік қолданылады.

Соңғы жаңалықтар