Алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерді анықтауға қатысты акция жүргізілді

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті «Білім күні» қарсаңында, яғни 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында «Әке, алимент төлеші!» деген атпен акция өткізді. Акция барысында еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында алимент төлеуден жалтарып жүрген көкек әкелерге қатысты белсенді жұмыс жүргізілді. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерді анықтауға қатысты акция жүргізілді

2013 жылдың 28 тамызына дейін алимент өндіруге байланысты республика бойынша 189 733 атқару құжаты орындауда болған. Жыл басынан алимент өндіруге байланысты 38 223 атқару құжаты келіп түскен.

«Акция кезінде 6677 атқару өндірісі нақты орындалған. 296 борышкер «Жұмыспен қамту» орталығымен бірлесе жұмысқа орналасуға бағытталды. Сонымен қатар «БҮРКІТ» базасы бойынша 1309 борышкерге ҚР аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылған», - делінген таратылған мәліметте.

412 борышкердің мүлкінің тыйым салынды. 266 борышкер ҚР Әкімшілк құқықбұзушылық кодексінің 542,521,525-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылды. Мұнымен қоса іздеудегі 61 борышкер табылды.