09:51, 19 Сәуір 2022 | GMT +5
Әлімханұлы өзін Головкинмен салыстыратындармен келіспейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы бокс жанкүйерлері мен журналистердің өзін осы дивизиондағы титулды отандасы Геннадий Головкинмен салыстыратындарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәнібек Әлімханұлы бұл туралы Туиттердегі парақшасына жазған болатын. Ол өзінің Генадиймен еш ұқсастығы жоғына назар аудартып, рингтегі өзінің дара жолын көрсеткісі келеді.
«Мені көпшілігі Қазақстанның жаңа Головкині деп жүр. Осыған қатысты оларға мен ешқандай да жаңа Головкин емес екенімді айтқым келеді. Мен – Жәнібекпін! Мен – «Қазақ стилімін». Менің стилім мүлдем бөлек. Менің жүріп өткен жолым да ерекше!», - деп жазды боксшы Twitter-де.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасын 21 мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Ол орта салмақтағы Ұлыбритания өкілі Дэнни Дигнумоммен бос тұрған WBO әлем чемпионы титулы үшін айқасады.