Алина Кабаева Ресей «Ұлттық Медиа Тобы» басшылығының тізгінін қолына алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық Медиа Тобы» директорлар кеңесі өзінің отырысында жаңа басшысын сайлады, деп хабарлады Утро.ru.
Холдингтің директорлар кеңесінің төрайымы қызметіне көркем гинастикадан олимпиада чемпионы және енді бұрынғы РФ Мемлекеттік дума депутаты Алина Кабаева сайланды.
«Ұлттық Медиа Тобы» петербургтік «Бесінші арна», РЕН-ТВ, «Известия газеті, «Орыс жаңалықтар қызметі» радиостансасы және «Бірінші арна» акцияларының бумаларын иеленген.