Алина Кабаева РФ Мемлекеттік Думасынан өз еркімен кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік думаның Регламент комитеті Алина Кабаеваның өз еркімен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін мақұлдауды ұсынды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС комитет басшысы Сергей Поповқа сілтеме жасай отырып.
«Депутат өтініш жазды, біз оны қанағаттандырдық», - деп нақтылады ол. Комитет басшысының айтуынша, Кабаева басқа жұмысқа ауысатынын айтып, 15 қыркүйекте өтініш берген.
Попов Қабаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе ертең, 16 қыркүйекте қаралатынын айтты.