Алина Саркулова Таиландтағы турнирде қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі өтіп, қазақстандық спортшы қола медаль жеңіп алды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл бәсекеге қазақстандық ұлттық құрама спортшылары да қатысып, 1 жүлдеге қол жеткізді.
Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге 3-ші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық Татьяна Генеоева 6-сатыдан көрінді.
Қалған спортшылардың нәтижесі:
Ерлер:
Егор Карасев 18-орын
Under ерлер (23 жасқа толмаған велоспортшы):
Алтынбек Аханов 8-орын
Алексей Фефелов 9-орын
Әйелдер:
Алина Спирина 4-орын
Айта кетейік, екі күнге созылған халықаралық турнирде биыл 7 мемлекеттен атлеттер сынға түсті. Былтыр Таиландтың Пхичит өңірінде өткен Кубокқа ұлттық құрама спортшылары қатыспаған.