Әлішер Байбуров 17 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында Азия чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Instagram парақшасында мәлім етті.

«Бүгінгі жарыс күні біздің спортшыларға тамаша жеңістерді әкелді. Әлішер Байбуров 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы және 20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды» деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.

Әлішер «жұлқи» көтеруде үш әрекеттің екеуін жүзеге асырды және 134 келі белгісіне тоқтады.

«Серпе» көтеруде жалғыз сәтті әрекет 155 келі болды, бірақ бұл 67 келіге дейінгі санатта екі рет құрмет тұғырына көтерілуге жеткілікті болды.

Айта кетейік, мұның алдында ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Ерасыл Омаров қола медаль жеңіп алған еді.

Аталған турнирде 55 келіде сынға түскен Ерасыл Омаров үш мүмкіндігін толық пайдаланды. Нәтижесінде 104 келіні бағындырды.



Фото: www.instagram.com/wf_rk





Соңғы жаңалықтар