Әлішер Кәрімовтің суреті бар латвиялық пошта маркасы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвиялық пошта биыл «Жаңа толқын-2014» байқауында Қазақстан атынан шығатын әнші Әлішер Кәрімовтің суреті бар марка шығарды, деп жазады kaztv.kz.

Әлішер Кәрімовтің суреті бар латвиялық пошта маркасы шықты

«Конкурс ұйымдастырушылары менің суретім бар пошта маркасын шығарды. Сондай-ақ, бүгін мен жеке өмірім туралы алғаш рет ата-анама хат жаздым», - дейді әнші өзіңнің шағын блогында. Сөзіне дәлел ретінде Әлішер әлеуметтік желілерге марканың суретін және ата-анасына арналған хатты ұстап тұрған фотосын жариялаған.

Байқауға қатысушылардың суреті бар марка шығару дәстүрін Латвия конкурс алдында үнемі ұйымдастырады.

Еске сала кетейік, байқау шілде айының 22-27 аралығында Латвияның Юрмала қаласындағы «Дзинтари» концерт залында өтеді. Оған әлемнің 13 елінен 16 әнші қатысады.

Халықаралық конкурсты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.