Алишер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн доллардан астам қаржы аударды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік кәсіпкер Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының бөгеті бұзылуы салдарынан жапа шеккен мақтааралдықтарға 5 млн доллар аударды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алишер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн доллардан астам қаржы аударды

«Ресейлік кәсіпкер Алишер Усманов Мақтаарал ауданында су басу салдарынан жапа шеккен және қауіпсіз жерге көшірілген 30420 тұрғынға арнап «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының шотына 5 млн 202 мың доллар аударды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, бұл қаражат жапа шеккен жанұялардың отағалары – 5202 адамның жеке шотына аударылатын болады.