Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауынан шығып қалды. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм аккаунтында хабарлады.

Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауынан шығып қалды

«Қайырлы түн, достар! Бүгін біз Үздік жиырмалыққа енген арулардың шығармашылық байқауын тамашаладық. Бәрі өте қызықты өтті, расымен де біздің қыздар өте сұлу әрі талантты», - деп жазды Әлия. «Әлем аруының бұл кезеңіне өттіңіз бе?» деген оқырман сұрағына  Әлия: «Өкінішке орай, өткен жоқпын», - деп жауап берді.

Үздік жиырма ару арасынан ТОП-10 құрамына Польша, Венгрия, Латвия, Моңғолия, Чили, Хорватия, Мальта, Филиппин, Украина және Канададан келген қыздар енді.

Еске сала кетсек, «Қазақстан аруы - 2015» Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауына дайындалу үшін Вашингтонға келді. Қыздың айтуынша, дайындықтар таң атпастан басталып, шығармашылық тапсырмаға баса көңіл бөлінеді. Қазақстандық қатысушы ұлттық аспап - домбырада ойнаған. Дайындықтың алғашқы күні ұйымдастырушылар қыздарды қызыл, ақ және көгілдір түсті үш топқа бөлген. Әлия Моңғолия, Венесуэла, Мальта, Шотландия аруларымен бірге қызыл топқа түскен.