Әлия Юсупова Азия ойындарына баратын гимнасшылар туралы айтты

Көркем гимнастикадан Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлия Юсупова Азия ойындарына баратын гимнасшылар туралы айтты

Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова айтты.

ҚР ҰОК-нің  баспасөз қызметі хабарлағандай, бас бапкер Азия ойындарында көркем гимнастикадан Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Селина Жұматаева, Даяна Әбдірбековаға үміт артып отыр.

Қазіргі таңда спортшылар өз қалаларында жаттығуда, ал 1 тамыздан бастап барлығы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында бас қосады. Ұлттық құраманың көшбасшысы - Алина Әділханова.

Еске сала кетейік, Инчхондағы Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдегер атанған болатын.

Фото: www.olympic.kz