Алқа билер соты институты өзін толығымен ақтады - А. Смолин

Кеңес төрағасының айтуынша, аталмыш институттың енгізілуі сәтті жүргізіліп, жұртшылық әділсот төрелігіне жолдауларға белсенді қатыса бастаған. «Осы санаттағы істерді қарау барысында ақтау үкімдерінің шығарылу саны арта түскен. Әлбетте, бұған біреулер разы, енді біреулері керісінше. Дегенмен, бұл дәл қоғамның қатысуымен жүзеше асатын әділсоттың түрі болып табылады», - дейді А. Смолин.
Сонымен қатар, Кеңес төрағасы қазақстандық судьялар қауымдастығының «Нұр Отан» партиясымен сот билігінің имиджін арттыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалуына бақылау жасау бойынша меморандум жасағанын атап өтті. «Бұл сот өндірісіне қоғамдық бақылаудың және бір түрі. Дегенмен, ең басты бақылау формасы - бұл бұқаралық ақпарат құралдары», - деді А. Смолин.