Алқа билер сотына балама жоқ - Джохар Өтебеков
Дөңгелек үстел барысында жәбірленушілер, күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтық көзқарасы тұрғысында құқық қорғау саласының жұмыс негізіндегі заң жобасы талқыланды. Жиында сөз сөйлеген адвокат Джохар Өтебековтың айтуына қарағанда сот істерінде алқа билердің көптеп қатысуын қамтамасыз ету ақталу үкімдерінің артуына мұрындық болады.
«Бұл қадам өз тарапынан тергеуге қатысушылардың ынтасын оятып, судьяларға батыл бола түсуге жол ашады. Әлемде полициясы мен прокуратурасы қателік жасамайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Ақтау үкімдерінің әрқайсысында біздегідей прокурорды жазалау орынсыз. Судьяның ой-өрісін өзгертудің жалғыз ғана шешімі - сот шешімінің бір бөлігін халыққа қалдыру. Ал бұл тұрғыда алқа билерге жүгінуден басқа бірде-бір ел оңтайлы тәжірибе ойлап тапқан емес», - дейді ол.
Белгілі заңгердің пікіріне құлақ ассақ, соттардың әрекеті алқа билер сотына сүйене отырып, батыл бола түседі.
Айта кетсек, құқық қорғау органдарының негіздерін жаңғырту туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына 2017 жылдың қазан айында берілген. Адвокаттар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстелде қылмыстық әділ сот саласында әрекет ететін барлық адамдарға қылмыстық процестің кезекті өзгерістерінің ықпал ету мәселелерін, күтілетін оңды өзгерістерді талқылады.