Алкоголь ішкені үшін 32 жастағы фотомодельге дүре соғады

АСТАНА.  Тамыздың 20-сы.   ҚазАқпарат - Малайзияда   алкоголь  ішкені  үшін   фотомодель  әйелге  дүре соғылады.   Британдық The Independent басылымының   жазуынша,  фотомодель Картика Сари Деви Шукарно     қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкені  үшін   ислам шариғаты  бойынша    жазаланатын    ел тарихындағы   алғашқы әйел   болмақ.

Алкоголь ішкені  үшін 32 жастағы  фотомодельге  дүре соғады


Түнгі клубта    сыра ішкені  үшін  32 жастағы модельге    алты  рет дүре соғу үкімі  шығарылып отыр.

 28  миллион халқы  бар   Малайзияның  2/3    құрайтын   мұсылмандар   барлық  азаматтық және  діни мәселелер  бойынша ислам сотының алдына  барады.

 Мұсылмандарда алкогольдік ішімдік ішкендер үшін   3 жылға  дейін  бас бостандығынан  айыру жазасы қарастырылған.