Алкоголь өнімін заңсыз шығарған Павлодар тұрғыны сотталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсат құжаттарынсыз жеке үйде алкоголь өнімін өндіру фактісін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Азамат А. Какенов этил спирті мен алкоголь өніміне арналған заттаңбаны қолдана отырып, контрафактілік арақ жасап сауда орындарында сатқан.
Қарап-тексеру барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 73 бөтелке алкоголь өнімі және 540-тан астам заттаңба табылды.
А. Какенов 1 жылға бас бостандығы шектеліп сотталды.