09:26, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Алла Джиоева Оңтүстік Осетиядағы президенттік сайлау барысында жеңіске жетуде
АСТАНА. 28 қараа. ҚазАқпарат - Оңтүстік Осетиядағы президент сайлауы екінші турының барысында білім экс-министрі және оппозиция көшбасшысы Алла Джиоева жеңіске жетуде, оған 22 сайлау округінде 8955 сайлаушы дауыс берді, деп хабарлады республика ОСК басшысы Белла Плиева.

«Оңтүстік Осетиядағы сайлауда Алла Джиоева жеңіске жетуде. Анатолий Бибилов үшін 6205 сайлаушы дауыс берді», - деді ол.
Оңтүстік Осетияда сайлауда сайлаушылар 85 учаскеде дауыс берді. Әзірге 27 мыңнан астам бюллетеньнің 15150-і өңделді. Ол мысалға, Цхинвал ауданында 12, Знаур ауданында - 10 учаскенің мәліметтері әзірге дейін өңделмегенін айтты, Дегенмен алдын ала мәліметтер бойынша, Знаур ауданында Джиоева, Цхинвалда - Бибилов алда келеді.
ОСК дауыс беру бюллетендерін одан әрі өңдеуде, оның қорытындылары ақпарат түскен бойда хабарланып отырылады.