Алла Елшісінің (с.ғ.с.) есімі берілген әр сәбиге 1 мың доллар тапсырылады
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Ахмад-Хаджи Кадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор дүйсенбіде өмірге келген балаларды Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) атымен атаған отбасыларға 1 мың доллардан бермек.
«Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Кадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор бүгін туған балаларды Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.), оның отбасы мүшелерінің немесе Алла Елшісінің 10 сахабасының атымен атаған отбасыларға бір мың доллардан қаржы бөлмек», - деп хабарланған Шешенстан үкіметі сайтындағы хабарламада.
Бұдан бұрын осы жайында республика басшысы Рамзан Кадыров өзінің Іnstagram парақшасында жазған болатын.
Бұл шара 13 қаңтарда Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күніне орай қабылданып отыр.